Отставкаға себеп болған жайт — парламенттегі коалициялық көпшіліктің ыдырауы. Ол 2015 жылдың қарашасында өткен сайлауда құрылған болатын. Парламенттік көпшіліктің құрамына Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы, "Қырызстан", "Онугуу-Прогресс" және "Ата Мекен" фракциялары кірген еді. Коалицияның ыдырауы ҚСДП-ның парламенттен кетуінен кейін орын алды.
"Келіспеушіліктер бұрыннан болатын. Енді бәріне нүкте қоятын кез келді. Бұл әрине, саяси көзқарастардың келіспеушілігінен туындап отыр. Бұл фракциялар конституциялық реформаларға қайшы келді. Яғни, біздің көзқарастарымыз сәйкеспеді. Коалицияның ыдырауына басты себеп болған жайт осы", — дейді ҚСДП фракциясы көшбасшысы, Жогорку Кенеш депутаты Иса Омуркулов.
Оның айтуынша, парламенттегі әріптестері конституциялық реформаларды қолдамаған. Өйткені, жаңа конституция жобасында Қырғызстанның билік құрылымын өзгерту, яғни оны парламенттік республика ету көзделген.