Қырғызстан үкіметі үйінің маңайына жиналғандар, «Бакиев, кетсін!», «Құлов, кетсін!», деп жар салуда.
Бүгін наразылық танытушылардың арасында ресейшіл қарым-қатынас туралы мәселе көтерілді. Олардың айтуынша, ел президенті Бәкиев осы жылдың жаз маусымында Қырғызстанда Борис Березовскиймен кездесіпті- міс.
«Қырғызстан -Ресеймен, Бакиев-Березовскиймен, Қырғызстан мен Ресей-достық қарым-қатынас, Бакиев пен Березовский -коммерциялық қарым қатынас»,-деп мәлімдеді бүгін «Реформалар үшін!» оппозициялық қозғалысының өкілі, депутат Темір Сариев
«Бүгінде Ресей 500 мыңға жуық қырғызстандықтың баспанасына айналды, ал Бакиев-Қырғызстанның жауы, Березовскийдің келуімен ол Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым қатынасқа сызат түсірді»,- деп мәлімдеді республиканың қоғамдық қозғалысы өкілдерінің бірі Игорь Трофимов.
Шеруге қатысушылардың санына қатысты оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылардың мәліметі әрқалай. Алдыңғылары бүгін алаңға 20-30 мыңнан астам адам жиналды десе, ҚР ІІМ қызметкерлері шеруге 3-5 мың адам қатысты дейді.
Үкімет үйінің шатырынан шеруді мергендер бақылауда. Ғимаратты ОМОН қызметкерлері қоршауға алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті