Қырғызстан Ыстықкөлдегі Қазақстанға қарасты 5 шипажайды өз меншігіне алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Ыстықкөлдегі Қазақстанға қарасты 5 шипажайды өз меншігіне алмақшы

Қырғызстан Ыстықкөлдегі Қазақстанға қарасты 5 шипажайды өз меншігіне алмақшы

ҚР үкімет басшысы Ыстықкөл жағалауында орналасқан Қазақстандық меншікті иемдену құқығына қатысты мәселелерді реттеуге арналған үкіметтік жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы Геннадий Комаров бүгін, 8-тамызда KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 575
Фото - Caravan.kz

Г.Комаровтың айтуынша, Қырғызстан үкіметі сенімді басқаруға берілген «Қазақстан автомобилисі» шипажайы, ҚР президенті іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Қазақстан» шипажайы, «Алматы» шипажай-пансионаты, «Самал» демалыс үйі, Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-нің «Университет» пансионаты тәрізді Қазақстанның меншігіндегі 5 шипажайды тартып алмақ ниетте.

Ал соған қарамастан, басқа ТМД елдерінің аумағында орналасқан ТМД елдерінің меншігіндегі нысандар бұрынғы қожайындарының иелігінде қалатындығы туралы келісімге 1992-жылы Бішкекте қол қойылған болатын. Соған сәйкес, Қазақ ССР-інің кәсіпорындары мен ұйымдарының күшімен Ыстықкөлде салынған шипажайлар бұрынғы қожайынның меншігінде қалуы тиіс.
Қырғызстан үкіметі болса, бұл ереженің Қырғыстанға ешбір қатысы жоқ деген сылтауды алға тартып, аталмыш 5 нысанды меншіктену құқығының күшін жойғандығы туралы ҚР үкіметіне ресми хабарлама жолдады. Онда аталмыш нысандарды сатып немесе жалға алу туралы ұсыныс білдірілген. Бұл мәселені реттеу үшін Қырғызстан үкіметінде толық құқылы үкіметтік комиссия құрылды.
Ал осы мәселе бойынша елімізде құрылған комиссияны мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Г.Комаров басқарады. Сонымен қатар, комиссияға СІМ, ҚР әділет министрлігі, ҚР президенті іс басқармасының Медициналық орталығы, ҚазМУ, ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі тәрізді мүдделі мекемелер мен шипажай қожайындарының өкілдері қамтылды.

Соңғы жаңалықтар