Қырғызстан: Жалалабадта жүздеген адам баспанасынан айырылды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан: Жалалабадта  жүздеген адам баспанасынан айырылды

Қырғызстан: Жалалабадта жүздеген адам баспанасынан айырылды

Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да сел жүріп өтті. Соның салдарынан Жалалабад облысының  төрт ауданы зардап шекті. 800 үйге зақым келіп, жүздеген адам баспанасынан айырылған.

  • 21 Маусым 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

Биіктігі 1,5 метр сел әкімшілік ғимараттар, мектеп пен балабақшаларды да қиратып өтті. Төтенше жағдайлар қызметі өзендердің сағасын бекітіп, жолдарды тазалап, көпірлерді жөндеуге кірісті. Жаз басталғалы мұндай табиғат апаты екінші рет орын алып отыр. Бір апта бұрын Қырғызстанның оңтүстік өңіріндегі Баткен облысында болған селден 2 адам қаза тауып, көптеген ғимаратты лай су шайып өткен еді. Селдің қайталану қаупі төніп тұрғандықтан  тұрғындар қауіпсіз жаққа көшірілуде.


Айтұрған Мұрзалиев, Жалалабад облысының тұрғыны
:   

Мына жерден су шығып, арықтар толып кетті. Ештеңеге үлгермей қалдым. Бау-бақша, қамбадағы ұнның бәрін су басып қалды. 

Соңғы жаңалықтар