Қырғызстан Жоғарғы сотына Феликс Куловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Жоғарғы сотына Феликс Куловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш берілді

Қырғызстан Жоғарғы сотына Феликс Куловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш берілді

Қырғызстан Жоғарғы сотына республика күш құрылымдарының үйлестірушісі Феликс Куловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш берілді. Бұл туралы Ф.Кулов 27-наурызда парламент депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Наурыз 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Егер Қырғызстан Жоғарғы соты менің адвокаттарымның өтінішін қанағаттандырудан бас тартса, онда маған заң бойынша жүктеп алған жазаны өтеп шығудан өзге жол қалмайды»,- деді Ф.Кулов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф.Кулов 24-наурызда жалпыхалықтық ереуілге қатысушылардың қысымымен №47 Бішкек колониясынан босатылған болатын. Қамаудан босатыла сала оппозиция оны республика күш құрылымдарының үйлестірушісі етіп тағайындады.
Ф.Кулов 90-шы жалдардың басында республика ІІМ-ін басқарған. Кейінірек Қырғызстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жетекшілік жасады. 1999-жылы ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды. Ф.Кулов 2005-жылдың қараша айында қамаудан босатылуы тиіс болатын.

Перейти к новостям спорта