Қырғызстан Жоғарғы сотының ғимараты басып алушылардан азат етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Жоғарғы сотының ғимараты басып алушылардан азат етілді

Қырғызстан Жоғарғы сотының ғимараты басып алушылардан азат етілді

Бүгін, 1-маусымда Бішкекте Қырғызстан Жоғарғы сотының ғимараты басып алушылардан азат етілді. 22-сәуірде ғимаратты сайлауда жеңіліп қалған үміткерлердің жақтастары басып алған болатын,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 1 Маусым 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бүгін таңертең ғимаратты басып алушылармен келіссөздер жүргізу үшін Қырғызстан парламенті — Жогорку кенеш депутаттары оқиға орнына келген. Алайда ғимаратты босату туралы келіссөздер нәтиже бермеді. Шенеуніктердің өтінішіне жауап ретінде сот ғимаратында отырған адамдар терезелерден жарылғыш қоспалары бар бөтелкелер лақтыра бастайды.

Бұдан кейін өздерін «халық өкілдеріміз» деп атаған 300-400-дей жас жігіттер ғимаратқа басып кіріп, ондағыларды ығыстырып шығарды. Осы сәтте ғимараттың есегін күзетіп тұрған 20-ға жуық милиция қызметкерлерлері тобырға тосқауыл қоя алмады. Жоғарғы сот ғимаратын басып алған адамдардың басым бөлігі шабуыл бастала сала ғимаратты тастап шықты. Жалпы алғанда ғимараттан 60-70 адам шығарылды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының ғимаратына шабуыл жасаған адамдар түске таман шағын автобуспен келген. Шабуыл аяқталғаннан кейін тағы да ұйымдасқан түрде аттанып кетті.
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, оларға дәрігерлік көмек көрсетілді. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, сот ғимаратындағы мүлікке зақым келмеген. Санақ шарасынан кейін сот ғимаратын Қырғызстан Ұлттық гвардиясының жауынгерлері күзетке алды.

Перейти к новостям спорта