Республикадағы жекелеген қоғамдық ұйымдардың өкілдері билік ауысқаннан кейін Қ.Осмоновтан өз еркімен өкілеттіктен бас тартуды талай мәрте талап еткен. Парламент сайлауында жеңіліс тапқан үміткерлердің кейбір жақтастары тіпті Жоғарғы сот толық құрамымен отставкаға кетпесе, өз-өздерін өртейтінін де мәлімдеді.
Бейресми мәліметке сәйкес, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев Жоғарғы сот төрағасының өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішін әзірге қабылдаған жоқ.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Жоғарғы сот төрағасы мен оған мүшеліктен үміткерлерді президент парламентпен келісе отырып тағайындайды.