Қырғызстанда $100 млн капиталмен қырғыз-қазақ инвестқоры құрылады
Қырғызстанда капиталы $100 млн қырғыз-қазақ қоры құрылып жатыр. Қор құру туралы шешім ҚР бірінші вице-премьер-министрі Өмірбек Бабановтың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басшылығымен келіссөздері барысында қабылданды, деп хабарлайды ҚырТАГ. |
«Кездесу қорытындысы бойынша жақын уақытта Қырғыз Республикасында капиталы $100 млн болатын қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құру туралы шешім қабылданды. Қордың кеңсесі Бішкекте орналасады. 10 күннің ішінде қазақ жағы инвестициялық қор құру мәселелерін мұқият пысықтау үшін өз мамандарын жібереді», - делінген Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан ақпаратта.
Бұл қор Қырғызстанның энергетика, телекоммуникациялар, көлік инфрақұрылымын дамыту, өңдеуші өнеркәсіп, туризм салаларындағы бизнес-жобаларын қаржыландырады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін