Қырғызстанда $100 млн капиталмен қырғыз-қазақ инвестқоры құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда $100 млн капиталмен қырғыз-қазақ инвестқоры құрылады

Қырғызстанда $100 млн капиталмен қырғыз-қазақ инвестқоры құрылады

Қырғызстанда капиталы $100 млн қырғыз-қазақ қоры құрылып жатыр. Қор құру туралы шешім ҚР бірінші вице-премьер-министрі Өмірбек Бабановтың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басшылығымен келіссөздері барысында қабылданды, деп хабарлайды ҚырТАГ.

  • 9 Маусым 2011
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Кездесу қорытындысы бойынша жақын уақытта Қырғыз Республикасында капиталы $100 млн болатын қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құру туралы шешім қабылданды. Қордың кеңсесі Бішкекте орналасады. 10 күннің ішінде қазақ жағы инвестициялық қор құру мәселелерін мұқият пысықтау үшін өз мамандарын жібереді», — делінген Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан ақпаратта.

Бұл қор Қырғызстанның энергетика, телекоммуникациялар, көлік инфрақұрылымын дамыту, өңдеуші өнеркәсіп, туризм салаларындағы бизнес-жобаларын қаржыландырады.

Соңғы жаңалықтар