Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. «Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі — 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.