Қырғызстанда 6 адам саңырауқұлақтан уланып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 6 адам саңырауқұлақтан уланып қайтыс болды

Қырғызстанда 6 адам саңырауқұлақтан уланып қайтыс болды

Қырғызстанда жабайы саңырауқұлақтан 35 адам уланып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады. Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, соңғы бір аптада республикада жабайы саңырауқұлақтан жаппай улану оқиғаларының тіркелуі жиілеп кетті Қайтыс болғандардың бәрі - балалар. Дәрігерлерден көмек сұрау оқиғалары Бішкекке таяу орналасқан Ош облысының ауылдарында ең көп тіркелген.

  • 1 Маусым 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккендердің айтуынша, олар тексерілген шампиньон саңырауқұлақтарын көптен бері білетін жерден жинаған. Осыған байланысты республикалық медиктер жол тораптарына таяу жерлерден, орманды алқаптар мен саяжай аумақтарынан саңырауқұлақтарды жинаудың қауіпті екенін ескертеді. Өйткені саңырауқұлақтар автокөлік жанармайының жану өнімдерін, ауыр металл тұздарын және ауылшаруашылық пестицидтері мен радионуклидтерді өзіне сіңіріп алады.

Перейти к новостям спорта