Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бішкек. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 342
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның Бас прокуратурасы мал дәрігерлік ережелерді бұзу салдарынан адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Мұндай жағдай Баткен облысының Қадамжай ауданында тіркелген, онда алты адам қатерлі дертке шалдыққан.

Баспасөз қызметі тергеу құпиясына сілтеме жасап осы іс бойынша тергеліп жатқан күдіктілер санын айтқан жоқ. Алайда, ондағылардың айтуынша, дерек расталса, күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ.

Қырғызстанның ТЖМ мәліметінше, күйдіргі дерті осы ауданның бұған дейін ауруханаға жатқызылған 14 тұрғынында да расталды. Олардың ең кішісі — 4 жаста, ең үлкені — 58 жаста.

Ал Жалал-Абад облысының Аксый ауданында осындай диагнозбен тағы да 6 адам ауруханаға жатқызылған. 69 адам аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар