Қырғызстанда ахуалды тұрақтандыру үшін қатаң шара қолданылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ахуалды тұрақтандыру үшін қатаң шара қолданылмайды

Қырғызстанда ахуалды тұрақтандыру үшін қатаң шара қолданылмайды

Қырғызстанда ахуалды тұрақтандыру үшін қатаң шара қолданылмайды. Бұл туралы 22-наурызда жаңа парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Асқар Ақаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Өз басым президент ретінде мұндай шараға ешқашан бармаймын. Біз алған бетіміздің дұрыстығына және халықтың кең көлемді қолдауына ие болатынымызға сенімдіміз»,- деді мемлекет басшысы.

А.Ақаев шетелдердің нұсқауына бағынып, халықтың мүддесіне нұқсан келтіріп отырған тұлғаларға қатысты қоғамда наразылық пен төзімсіздік көзқарас қалыптасуы тиіс екенін атап өтті.
АҚШ-та президент сайлауында жеңіліп қалған жақтың үкіметтік ғимараттарды басып алуға талпыныс жасауы мен маңызды магистральдарды жауып тастау оқиғаларын тіпті көзге елестету мүмкін емес екенін Қырғызстан президенті атап өтті. Осыған байланысты А.Ақаев Қырғызстандағы оппозицияны қолдап отырған шетелдік саяси күштердің екі жүзділігін қатаң сынады.
Республикадағы ахуалдың әлі де күрделі күйінде қалып отырғанын атап өткен А.Ақаев парламентшілерді жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірлескен іске атсалысуға шақырды.
Қырғызстан Республикасы шекара қызметінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Қырғызстанның мемлекеттік шекарасында қару-жарақ пен есірткі тасымалына жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпыхалықтық наразылық шараларына байланысты Өзбекстан Республикасының оңтүстігінде Қырғыз-Өзбек шекара учаскесі бір жақты жабылды. Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған жолаушылар шекарадан өткізілмей жатыр. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында да бақылау күшейтілді. Тәжікстанда ауқымды этникалық қырғыз диспорасы тұрады.

Перейти к новостям спорта