Қырғызстанда әскерилер арасындағы атыс салдарынан бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда әскерилер арасындағы атыс салдарынан бір адам қаза тапты

Қырғызстанда әскерилер арасындағы атыс салдарынан бір адам қаза тапты

Дүйсенбіде, Қырғызстанда Ұлттық гвардия әскери қызметшілері арасында орын алған жанжал салдарынан бір сарбаз қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости  ведомство өкіліне сілтеме жасап.

  • 28 Желтоқсан 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Шамамен жергілікті уақыт 4.00 шамасында Ұлттық гвардияның №714 әскери бөлімінде қарауылға шабуылдау кезінде келісімшарт қызметінің екі әскери қызметшісі ауыр жарақат алды. Шабуылдаушылардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда қаза тауып, екіншісі жансақтау бөлімшесінде жатыр, оған ота жасалды», — деп атап өтті ведомствода.

Қарауыл мен әскери қызметшінің арасында жанжал туындап, қарауыл кездейсоқ оқ атқаны хабарланады. Шабуылдаушылар осы бөлімде мерзімінен тыс қызметтен өтіп жатқан. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда, оқиға орнында әскери прокуратура өкілдері жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар