Төрт адамнан құралған топты парламент спикері Өмірбек Текебаев басқарады. Олар қазіргі республика президентінен өкілеттігін қайтарып алу жайын талқылайды деп күтілуде.
Қырғызстан президенті А.Ақаев кеше республиканың жаңа басшылығы өкілдеріне билікті өткеріп беру мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін мәлімдеген. Алайда мемлекет басшысы республикадағы бірден-бір заңды билік деп парламентті санайтынын айтты.
А.Ақаевтың президенттік өкілеттілік мерзімі ресми түрде 2005-жылдың 30-қазанында аяқталуы тиіс.
Ал Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы биылғы жылдың 26-маусымына белгіленді. Республиканың бірнеше саяси қайраткерлері алдағы сайлауға қатысуға ниет білдіріп те үлгерді. Олардың арасында президенттің міндетін атқарушы әрі үкімет басшысы Құрманбек Бакиев, Қырғызстанның бұрынғы экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Темірбек Ахматалиев, бұрынғы депутат Адахан Мадумаров, танымал кәсіпкер Нұрбек Тұрдықұловтар бар.