Қырғызстанда "атышулы" сот шешімдерінің заңдылығын тексеру жөніндегі комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда "атышулы" сот шешімдерінің заңдылығын тексеру жөніндегі комиссия құрылды

Қырғызстанда "атышулы" сот шешімдерінің заңдылығын тексеру жөніндегі комиссия құрылды

Қырғызстандағы күш құрылымдары "атышулы" сот шешімдерінің заңдылығын тексеру жөніндегі шұғыл-тергеу комиссиясын құрды.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 357
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, осындай комиссия құру туралы бұйрыққа Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, республика үкімет басшысы Құрманбек Бакиев қол қойған.

Комиссия құрамына Республиканың бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ІІМ-нің өкілдері енеді. Бұл комиссия бұрындары қабылданған «атышулы» сот шешімдерінің заңдылығын тексермекші. Онда азаматтық және қылмыстық істерге қатысты шешімдер бірдей қаралады. Шешімдердің заңсыздығы анықталған жағдайда комиссия тексеру материалдарын сотқа тапсыруға уәкілетті.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл комиссия қоғамдық-саяси және халықаралық маңызға ие болған атышулы сот шешімдері мен прокурорлық-тергеу органдарының шешімдерін қайта қарау жөніндегі азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың арыз-өтініштері бойынша құрылып отыр.

Перейти к новостям спорта