Қырғызстанда автобустың құзға құлауы салдарынан он үш адам қаза тауып, төрт адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда автобустың құзға құлауы салдарынан он үш адам қаза тауып, төрт адам жараланды

Қырғызстанда автобустың құзға құлауы салдарынан он үш адам қаза тауып, төрт адам жараланды

Қырғызстанда шағын автобустың құзға құлауы салдарынан он үш адам қаза тауып, төрт адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен хабарлады.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, апат 24-сәуірде сағат 2-де Ош-Жалалабад автожолының 95-шақырымында болған. «Форд» жеке меншік шағын автобусының жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіндегі бетон қоршауды бұзып, автобусты 30 метрлік шыңырауға құлатып алды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 12 жолаушы қаза тапты. Тағы төрт жолаушы облыстық аурухананың жарақат бөлімшесіне жатқызылды. МАИ қызметкерлері қазір тергеу жүргізуде.

Перейти к новостям спорта