Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 13-тамызда Чу облысында, Сосновка ауылының маңында 16 сағат 30 минутта болған. Оңтүстікке бет алған «Ауди-100» автокөлігі мен Бішкекке бет алған «Нива» автокөлігі соқтығысып қалды.
Апат салдарынан екі автокөлікте отырған жолаушылар мен жүргізушілер, барлығы 8 адам оқиға орнында мерт болды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.