Қырғызстанда елдің жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтің ұлықтау рәсімі қарапайым өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда елдің жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтің ұлықтау рәсімі қарапайым өтті

Қырғызстанда елдің жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтің ұлықтау рәсімі қарапайым өтті

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі ел астанасы Бішкек қаласында өтті. 

  • 24 Қараша 2017
  • 1406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Айта кетерлігі, ұлықтау рәсіміне өзге елдің президенттері, үкімет мүшелері, жалпы шетелден қонақтар шақырылған жоқ. Биліктің бейбіт жолмен ауысу шарасына тек жергілікті Үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері мен Қырғызстандағы өзге елдердің елшілері ғана қатысты.

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков халық алдында адал қызмет етуге ант берді. Президенттік мерзімі аяқталған Алмазбек Атамбаев мемлекет басшысына жұмыс кабинетін көрсетіп, өз орынтағын өткізді.Соңынан елдің ескі және жаңа президенттері Жогорку Кенеш ғимаратына Шыңғыс Айтматов даңғылы арқылы арнайы кортежбен келді. Ал көшеде Бішкек тұрғындары биліктің бейбіт жолмен ауысуына қолдау көрсетіп тұрды.

Жогорку Кенеш ғимараты алдында президенттерді ұлттық гвардия қолбасшысы қарсы алды. Алмазбек Атамбаев қолдау білдірген өз халқына алғыс білдірді. Осылайша Сооронбай Жээнбеков өз қызметіне заңды түрде кірісті.

Жалпы Қырғызстандағы президентті ұлықтау рәсімі қарапайым өтті. Мемлекеттік шара фейсбуктегі 5news.kg парақшасында тікелей эфирде көрсетелді. 


59 жастағы Жинбеков еңбек жолын мектептегі мұғалым болып тастаған.

2013 жылы Сооронбай Жээнбеков үкіметтің Ош облысындағы өкілетті өкілі (губернаторы) болды.

2014 жылы С.Жээнбеков екі қызмет атқарды – Ош облысында өкілетті өкіл болса, желтоқсан айында премьер-министр болып тағайындалды.

Сайлау алдындағы ең соңғы қызмет орны Қырғызстан президенті аппараты жетекшісінің орынбасары.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда өткен президент сайлауында Қырғыз Республикасының Социал-демократтар партиясынан президенттік сайлауға түскен Сооранбай Жээнбеков 54,75 пайыз көрсеткішпен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар