Жарияланды: 390

Қырғызстанда ЕҚЫҰ-ның полиция қызметкерлері жоқ

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қырғызстанда ЕҚЫҰ миссиясының полиция қызметкерлері жоқтығын, алайда қоғамдық қауіпсіздік бастамашыларының өкілдері жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Қырғызстан аумағында ЕҚЫҰ-ның полициялық ақыл-кеңестік тобы жоқ», - деп Р.Қазақбаев бүгін парламент отырысында атап көрсетті. Былтырғы жылдың маусым айында ұлтаралық араздықтан кейін билік қақтығысты еңсеруге көмектесуді сұрап халықаралық ұйымдарға жүгінген болатын. Бірақ Қырғызстанның оңтүстігіне ЕҚЫҰ миссиясының полицейлерін жіберу жоспары аяқсыз қалды, өйткені жұртшылық полициялар кіргізуге қарсы болған. Оның айтуынша, Қырғызстанда қазіргі кезде қоғамдық қауіпсіздіктің бастамашы өкілдері жүр. «Бұл қоғамдық қауіпсіздік бастамашылары. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне көмектесу үшін түрлі елдерден бізге сарапшылар келді», дейді Р.Қазақбаев. Бұл ақыл-кеңесмшілер тобы Қырғызстанда жыл басынан бері жұмыс жүргізуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін