Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кеңес жұмысына Қырғызстаның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Т. Жүнісәлиев, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мониторинг және болжам жасау департаментінің директорының орынбасары А. Айталиев, осы министрліктің сыртқы байланыс және инвестиция басқармасының бастығы Т. Темірәлиев және ЕурАзЭҚ елдерінің сарапшылары қатысуда.
Аталмыш шара аясында тұжырымдама жобасының соңғы нұсқасы талқылануда. Ол тұжырымдаманың аясында Мың құс қалдық кешені мен Ыстықкөл облысындағы Қажысай қаласындағы қалдық қоймасы бойынша екі пилоттық жоба қарастырылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті