Ыстықкөл ойындары қыркүйектің 5 мен 12 аралығында «Көгілдір Ыстықкөл» шипажайының спорттық базаларында өтеді. Жарыстар бағдарламасына 15 спорт түрі, соның ішінде аяқдоп, волейбол, жүзу, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, армрестлинг, дартс сайыстары енген. Осынау жыл сайынғы шараны Қырғызстанның денешынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі ұйымдастырады.
Былтыр халықаралық Ыстықкөл ойындарына 600-ден астам адам қатысқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті