Министрліктің мәліметінше, 3-шілдеде Чу облыстық ІІБ мен Иссыката аудандық ІІБ лауазымдық қылмыстармен күрес бөлімінің қызметкерлері «Трудовик» кеден бекетінде Қазақстан азаматы айдаған «Даймлер-Бенц» көлігін ұстады. Ол Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған.
Тексеру кезінде автокөліктің тоңазытқышынан 4 тонна сиыр еті табылды. «Жүк иесі ет алып өтуге арналған құжаттарын көрсете алмады», — дейді тәртіп сақшылары. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті