Қырғызстанда көшкін түсу салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда көшкін түсу салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Қырғызстанда көшкін түсу салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Қырғызстанның Джалал-Абад облысында кездейсоқ көшкін түсу салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен хабарлады.

  • 15 Наурыз 2005
  • 352
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, бір жолаушысы бар ГАЗ-66 автокөлігі жолай бұзылу салдарынан Алабука-Чаткал автожолының 85-шақырымында тоқтап тұрған. Осы сәтте күтпеген жерден көшкін түсіп, Чаткал ауданы Айғыржар ауылының тұрғыны қаза тапты. Көлік жүргізушісі жарақаттанды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алабука-Чаткал автожолы көшкін түсу және қар құрсауы қаупіне байланысты жабылған болатын. Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен бұл жолмен Мемлекеттік автоинспекция қызметінде барлық жолаушылар мен жүргізушілерді алдын-ала тіркеу арқылы өту қабілеті жоғары көліктер ғана жіберіліп келген.
Жыл басынан бері Қырғызстанның түрлі аудандарында жалпы қар көшкіні салдарынан 8 адам мерт болды.

Перейти к новостям спорта