Қырғызстанда күш құрылымдарының жетекшілері алмастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда күш құрылымдарының жетекшілері алмастырылды

Қырғызстанда күш құрылымдарының жетекшілері алмастырылды

Қырғызстан ішкі істер министрі Бакирдин Субанбеков жұмысынан босатылды. Бүгін, 23-наурызда Қырғызстан президенті Асқар Ақаев осындай жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 23 Наурыз 2005
  • 534
Фото - Caravan.kz

Жарлыққа сәйкес, Б.Субанбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды делінген.

Қырғызстан вице-премьерінің міндетін атқарушы — ішкі істер министрі болып Бішкек ІІБ-ның басшысы Кенешбек Душебаев тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Қырғызстан президентінің жарлығымен Мыктыбек Абдылдаев республиканың бас прокуроры лауазымынан алынды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, М.Абдылдаев республика ІІМ-нің мамандары резервіне жіберілді.
Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушы болып бұған дейін президенттің әкімшілігінде жұмыс істеген Мұрат Суталинов тағайындалды.

Перейти к новостям спорта