Қырғызстанда Ош облысында жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды
Бішкек. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бүгін, 7 қазанда, Ош облысының Алай ауданында 5 қазанда жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Ош облысының Алай ауданы Нұра ауылына бүгін түске дейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев келеді деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылдың 5 қазанында Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан, алдын-ала мәліметке сәйкес, 74 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды. Нұра ауылындағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін