Қырғызстанда Ош облысында жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды

Ош облысының Алай ауданы Нұра ауылына бүгін түске дейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев келеді деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылдың 5 қазанында Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан, алдын-ала мәліметке сәйкес, 74 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды. Нұра ауылындағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген.