Қырғызстанда парламенттің депутаты Эркинбаевты өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда парламенттің депутаты Эркинбаевты өлтіріп кетті

Қырғызстанда парламенттің депутаты Эркинбаевты өлтіріп кетті

21-қыркүйек, сәрсенбіде Бішкекте жогорку кенеш депутаты Баяман Эркинбаевты өлтіріп кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстанда ІІМ-дегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz



Қылмыс түнгі 22 сағат шамасында жасалған. Беймәлім қылмыскер депутатты үйінің жанында тосып тұрып, алдын-ала жорамал бойынша, «ТТ» маркалы тапаншадан атып кеткен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы көктемде Б.Эркинбаевқа тағы да қастандық жасалған болатын. Ол кезде оқ депутаттың бетін ғана сүріп өтті. Депутат бұл қастандықты кәсіпкерлік іс-қызметіне байланыс емес, саяси себеппен жасалды, деп мәлімдеген болатын.
Б.Эркинбаев биыл республика президенттігіне атын ұсынған. Алайда қастандықтан кейін ол сайлау алдындағы додаға атсалысудан бас тартты. Өз шешімін ол елдегі тұрақсыздықпен сабақтастырған. «Мемлекеттегі тұрақтылық пен Қырғыз халқын қорғау — мен үшін түрлі саяси гнауқандарға атсалысудан маңыздырақ»,- деген еді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта