Штаб ақпаратына сәйкес, үміткердің өтінішін Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы бірінші санмен тіркеді. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауына дайындық жөніндегі жоспарына сәйкес, мемлекет басшысы болудан үміткерлерді тіркеу 13-маусымда аяқталады. Үміткер ретінде тіркелу үшін құжаттарды 6-маусымға дейін тапсырып біту керек.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылдың 10-шілдесіне белгіленді. Алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысуға республикадағы 12 саяси қайраткер ниет білдірді. Олардың басым бөлігі парламенттің бұрынғы депутаттары мен саяси партиялардың жетекшілері.