Қырғызстанда президент сайлауын өткізу жоспары бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президент сайлауын өткізу жоспары бекітілді

Қырғызстанда президент сайлауын өткізу жоспары бекітілді

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарды қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2005
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күнтізбелік жоспар президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуде сайлау іс-шараларының мерзімі қысқаратынын ескеру негізінде жасалған.

Жоспарға сәйкес, аудандық және қалалық сайлау комиссияларын жасақтау 19-сәуірге дейін аяқталып, президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну 26-мамырға дейін жалғасады. Ал үміткерді қолдаушылардың қолдарын жинау мен қол қойылған тізімдерді облыстық, Бішкек және Ош қалалық сайлау комиссияларына тапсыру 2-маусымға дейін, ал Орталық сайлау комиссиясына үміткерді тіркеу үшін құжаттарды тапсыру 6-маусымға дейін аяқталады. Үміткерлерді тіркеу шарасы 13-маусымда бітуі тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламентшілердің шешімімен Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылғы 10-шілдеде мерзімінен бұрын өткізіледі. Алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысуға республикадағы 12 саяси қайраткер ниет білдірді. Олардың басым бөлігі парламенттің бұрынғы депутаттары.

Перейти к новостям спорта