Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге қаржы жоқ



Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
"Алған құжатта бұған 500 миллион сом (10 миллион $-дан астам) бөлу қаралған, мұндай сомаға ел бюджетінің шамасы жетпейді", - дейді Р.Отынбаева.
Ол донор елдерге жүгінуге тура келетінін айтты.
Р.Отынбаева президент сайлауының белгіленген мерзімде өткенін жақтайтынын атап өтті.