Қырғызстанда президентті жалғыз мерзімге сайлау ұсынылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президентті жалғыз мерзімге сайлау ұсынылып отыр

Қырғызстанда президентті жалғыз мерзімге сайлау ұсынылып отыр

Қырғызстан президенті бес жыл мерзіммен жалғыз рет сайлануы тиіс. Қырғызстан Конституциялық кеңесінің өкілдері осындай шешімге келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Мамыр 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бір топ парламент депутаттарының осы жөніндегі ұсынысын Конституциялық кеңес мүшелерінің басым бөлігі қолдады. Ал Қырғызстан Конституциясының қазіргі қолданыстағы мәтіні бойынша мемлекет басшысы лауазымына бір адамды екі мерзімге сайлауға мүмкіндік берілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда билік алмасқаннан бірнеше күннен кейін Қырғызстан Республикасы Конституциялық сотының төрайымы Чолпон Баекова Қырғызстанның негізгі заңына түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасаған. Оның пікірінше, болашақта биліктің бір адамның қолында шоғырлануына жол бермеу үшін Конституцияға шұғыл түзетулер енгізу қажет.
Қырғызстан Конституциялық кеңесінің құрамына 114 адам енеді. Олардың арасында Қырғызстанның заң шығару, атқарушы және сот билігі өкілдері мен азаматтық қоғам лидерлері бар. Кеңес мүшелерінің бұл ұсынысын бүкілхалықтық референдум немесе парламент арқылы қабылдауға болады.
Қырғызстан Конституциясы 1993-жылдың 5-мамырында қабылданған. Соңғы рет оған 2003-жылдың ақпан айында өзгерістер енгізілді.

Перейти к новостям спорта