Қырғызстанда президенттік сайлау қараша айының соңында өтуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президенттік сайлау қараша айының соңында өтуі ықтимал

Қырғызстанда президенттік сайлау қараша айының соңында өтуі ықтимал

Парламенттегі Қырғызстан үкіметінің өкілетті өкілі Данияр Нарымбаев президенттік сайлау 20-қарашада өтуі мүмкін, деп айтты.

  • 22 Маусым 2011
  • 368
Фото - Caravan.kz

2010 жылы 27-маусымда қабылданған Конституцияға орай өтпелі кезеңнің президенті Роза Отынбаеваның президенттік өкілеттік мерзімі 2011 жылы 31-желтоқсанда аяқталады, деп еске салып өтті сәрсенбіде Социал-демократиялық партия фракциясының отырысында үкіметтің өкілі.

«Конституцияда сайлау мерзім аяқталғанша екі ай ішінде өту керек деп жазылған, бірақ екі айдан кешіктірілмей өтуі керек деп жазылмаған», деді ол.
«Шамамен президенттік сайлау 2011 жылы 20-қарашада өтеді», деді ол.
Сайлау күнін белгілеу мәселесі парламентте алдағы отырыстардың бірінде қаралмақ.

Соңғы жаңалықтар