Қырғызстанда президенттікке таласқандар бір-бірін жағадан алуға жақындап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президенттікке таласқандар бір-бірін жағадан алуға жақындап қалды

Қырғызстанда президенттікке таласқандар бір-бірін жағадан алуға жақындап қалды

Қырғызстанда сайлау алды науқан қызу жүріп жатыр.

  • 11 Қазан 2017
  • 7400
Фото - Caravan.kz

Президенттікке екі басты үміткер  —  «Республика-Ата Журт» фракциясының жетекшісі Өмірбек Бабанов пен билік партиясы болып табылатын Қырғызстанның әлеуметтік-демократиялық партиясының өкілі Сооронбай Жиенбеков сайлау дебатында қызу пікірталас өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz

Елдің қазіргі премьер-министрі Сооронбай Жиенбеков Бабановты "балапан" деп атап, оған "сен" деп сөйлей бастады.  

Бабанов өз кезегінде оған ешқандай "балапан" емес екенін айтып, оның жемқорлықпен күреске байланысты ешқандай қадам істемей жатқанын бетіне басты. Осы сөзден кейін ашуы оянып кеткен Жиенбеков былай деп жауап қатты:

"Сен өйтіп маған жемқорлық туралы сөйлеме. Егер мен Президент болсам, жемқорлықпен күресті сенен бастаймын, көр де тұр. Мен елді кім тонап жатқанын, бәрін білемін. Сен де солардың қатарындасын. Мен бұны айтқым келмеген, өзің бастадың" , — деді билік партиясының өкілі.


 "Маған "сен" емес, "сіз" деп сөйлеңіз. Одан бөлек, мен Сізді жемқор деп айыптаған жоқпын, сөзімді неге дұрыстап тыңдамайсыз? Ал мені жемқор деп айыптаудың алдында, Сіздің шенеунік ретінде иеленіп отырған үлкен байлығыңызды қайдан жиып-тергеніңіз туралы бірінші болып есеп бересіз. Ал мен бизнесте көп жыл болған адаммын", — деп сөзің қорытындылады Бабанов.

Соңғы жаңалықтар