Мемлекет басшысы лауазымынан үміткерлерді тіркеу 13-маусым, дүйсенбіде Бішкек уақытымен 18 сағатта аяқталды. Үміткер деген куәлік кәсіпкер Акбаралы Айтикеевке, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевке, Қырғыз омбудсмені Бакир уулу Турсунбайға, Қырғызстанның бұрынғы ІІМ, «Ақиқат-Справедливость» қозғалысының жетекшісі Кенешбек Дуйшебаевқа, «Қырғызстанның демократиялық қозғалысы» саяси партиясының жетекшісі Жыпар Жекшеевке, бейресми ұйым жетекшісі Тоқтайым Уметалиеваға, Жалал-Абад облысының бұрынғы губернаторы Жусупбек Шариповқа табыс етілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президенттігінен үміткерлер алғаш тіркеле бастаған сәтте бұл орыннан 22 адам дәмелі болған. Алайда олардың басым бөлігі қажетті 50 мың қол жинай алмады немесе Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге қажетті құжаттарды толық өткере алмады. Қырғызстан президентін мерзімінен бұрын сайлау 10-шілдеге белгіленген.