Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталып келеді

Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталып келеді

Бүгін, 8-шілдеде Қырғызстан президенттігінен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы республика халқын президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.

  • 8 Шiлде 2005
  • 361
Фото - Caravan.kz

Таратылған мәлімдеме былай делінген: «Таңдау жасау әрине қиын шаруа. Дегенмен, «менің дауысым ештеңе де шешпейді» деген ойдан бас тарту тіптен қиын». Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды әрбір сайлау учаскесінде ондаған жергілікті және шетелдік тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейтіндіктен,

«бәрі де саналып, шешіліп қойған» деген дақпырттарға сенбеуге шақырады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы екі аптада Бішкек пен Шу облысында дауыс беру қорытындысы әлдеқашан шешіліп қойғандықтан, сайлауға бармауға үндеген үнпарақтар таратылған болатын. Республиканың оңтүстігінен де осындай мазмұндағы үнпарақтар таратылғаны туралы ақпарат бар. Қырғызстан заңнамасыгна сәйкес, сайлаушылардың аз келуіне байланысты сайлау өтпей қалған жағдайда қазіргі президенттіктен үміткерлер қайтадан ат ұсыну құқығынан айрылады. Қырғызстандағы президент сайлауы 10-шілдеге белгіленген. Мемлекет басшысы лауазымыанн 6 адам үміттеніп отыр. Сайлау барысын 1200-дей шетелдік журналистер мен халықаралық бақылаушылар қадағалайды.
Сайлау өткізу үшін 2182 сайлау учаскесі құрылып, 2 млн. 600 мың бюллетень басылып шығарылған.

Перейти к новостям спорта