Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, бұрын елде қару-жарағы бар азаматтардың саны әлдеқайда аз болған. «Егер осыдан 5 жыл бұрын бүкіл Қырғызстанда 3 мың азаматта қару-жарақ алып жүру мен сақтауға рұқсат берілген болса, қазір 21 мыңнан астам адамда қаруы бар»,- деді Қырғызстан ІІМ қоғамдық қауіпсіздік басқармасы лицензиялық-рұқсат беру жұмыстары бөлімінің бастығы Қанат Дуйшекеев.
Сонымен бірге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, заңсыз қару-жарақты тәркілеу саны да азая түсуде. «Елде қару-жарақ алып жүру мен сақтауға рұқсатты заңды алу қауіпсіз болып, осы үрдіс тарала бастады», -деді Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің бастығы Бақыт Сейитов.
«ИЖ маркалы тегіс оқпанды 17,18 және 27 калибрлі қару ел тұрғындары арасында жиі кездесетін болды», — деді қатысушылар. «Ел бойынша 21 мыңнан астам адамда қару болса, оның 18 мыңы — тегіс оқпанды қару», — деді Қ. Дуйшекеев.
Оның айтуынша, мұндай қаруды көбінесе аңшылар мен малдарын бағатын малшылар иеленеді. «Сонымен қатар елімізде аңшылықты демалыс түрі ретінде артық санайтын адамдар саны жыл санап өсіп келеді», — деді Б. Сейитов.
Қазіргі жағдаймен Қырғызстанда 18 қару дүкені жұмыс істейді, олардың 5-еуі Бішкекте орналасқан. Қару-жарақ алып жүру мен сақтауға заңды рұқсат 20 жасқа толған және психикалық жағынан дені сау екендігі туралы анықтама әкелген азаматтарға беріледі. Сонымен бірге, болашақ қару иесі оны сақтау шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті