Қырғызстанда қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды

Қырғызстанда қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды

Бішкек. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда №16 қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Қырғызстанның Әділет министрлігінің Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2008
  • 784
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік басқарманың хабарлауынша, қайтыс болған 1965 жылғы Қадырбек Әбдішев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 97-ші бабы бойынша кісі өлтіргені үшін №16 қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойы қамауда отыруға жаза жүктеген болатын.

«Кеше кешке № 16 түзету мекемесінде қамаудағылардың жаппай бағынбаушылыққа бару әрекеті жасалды. Тәртіпсіздіктер кезінде Қ.Әбдішев отряд бастығы мен колония бастығының көмекшісін пышақпен жарақаттау салдарынан аталған екі қызметкер қайтыс болды», — деп хабарлайды мекеме.

Төтенше оқиғадан кейін абақтыға арнаулы бөлімшелер енгізіліп, оқиға орнына Қырғызстанның Әділет министрлігінің Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының басшылығы мен Әділет министрінің орынбасары Сергей Зубов келді.

«Абақтыда тазарту жүргізіліп, 40 тұтқын Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына жіберілді», — деп хабарлайды мекеме. Қызметкерлердің өлім дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Елдегі тергеу абақтылары мен түрмелері күшейтілген күзетке көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар