Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды

Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды

Бішкектің ауданаралық соты қазақстандық «Регион 13» фильмін Қырғызстан аумағында көрсетуге тыйым салды.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Оған Қырғызстандағы «Айкол Ала-Тоо» қоғамдық ұйымының арызы түрткі болған.

Қоғамдық қор өкілдерінің пікірінше, картинада 2010 жылы сәуірдің 7-сі күні Құрманбек Бакиев биліктен кетірілген Қырғызстандағы Сәуір төңкерісі кезінде қаза тапқан адамдар есірткі заттар қолданғаны көрсетіледі. Ал фильмнің Қырғызстандағы продюсері кинокартинаның ол оқиғаларға қатысы жоқ екенін айтады.

“Фильмнің трейлерінде сәуірдің 7-сі күні және маусым оқиғасы кезінде жігіттердің есірткі қолданғаны айтылады. Біздің сотқа арыздануымызға осы түрткі болды. Картина сәуір оқиғасы кезінде қаза тапқан адамдардың атына кір келтіреді”, – дейді «Айкол Ала-Тоо» қоғамдық қорының басшысы, депутат Меербек Мискенбаев.


Мискенбаев ұйым мүшелерінің фильмді толық көріп шықпағанын мойындайды. Сотқа арыздануға фильмнің ғаламтордағы үзіндісі жеткілікті болған.

Перейти к новостям спорта