Қырғызстанда қазақстандық ұнның контрабандалық жүгі тиелген көлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қазақстандық ұнның контрабандалық жүгі тиелген көлік ұсталды

Қырғызстанда қазақстандық ұнның контрабандалық жүгі тиелген көлік ұсталды

ҚР ІІМ-нің қызметкерлері қазақстандық ұнды құжаттарсыз шекара арқылы контрабандалық жолмен кіргізу фактісі анықталды.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәліметтер бойынша, жедел қызметкерлер Шу облысындағы «Ақ тілек» кедендік бекетіндегі салмақтық бақылау орнында Қазақстан азаматы жүргізген жүк көлігін тоқтатты. Көліктің ішінде Қазақстанда шығарылған ұн қаптары жатты. Жүктің жалпы салмағын анықтау үшін тіркемесі бар көлік таразыға жіберілді. Ұнның салмағы шамамен 41 мың 800 келіні құрады, ал ілеспе құжатқа сәйкес ол 18 тоннадан аспауы тиіс болған.

Жүк иесінің айтуынша, ол ұнды Қазақстан аумағындағы Қордай ауылынан алып, Қырғызстанда сатпаққа ниеттенген болған.


Ұн партиясы елге тиістілік сертификаттары және тауарлық-көліктік жүк құжатсыз кіргізілмек болды. Жүк тиелген көлік жағдайлар анықталмағанша Кант қаласының айыппұл тұрағына кіргізілген. Тексеру жүргізіліп жатыр. 

Перейти к новостям спорта