«Оперативтік қызметкерлер Қазақстанға ауыр есірткі түрлерін таситын есірткі тасымалдаушы туралы ақпаратты осыдан үш ай бұрын алған. Жуырда Бішкекте 32 жастағы екі мәрте сотталған жігіт ұсталды. Одан 22 килограмм 102 грамм шикі апиын тәркіленді»,- деп хабарлайды Қырғызстанның есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі.
Агенттік қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, тұтқын Қырғызстанның оңтүстігіндегі бір тұрақты қылмыстық топтың құрамына кірген. Ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазір оперативтік және тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті