Қырғызстанда қоғамдық дәретхананың едені опырылып, 4 адам қаза тапты
|
Қырғызстанның оңтүстігінде қоғамдық дәретхананың едені опырылып, 4 адам қаза тапты. Тағы 15-і жараланған. Ош облысындағы ең ірі базарлардың бірінде орын алған төтенше оқиғаның себептерін әзірге құтқарушылар ашып айтпай отыр.
Аумағы 15 гектарлық алып базардың ішіндегі қоғамдық дәретханада апат кезінде 20 адам болған. Төтенше оқиға орын алысымен, құтқарушылар жедел іске кіріскен. Дәретхана шұңқырына құлаған адамдарды құтқару үшін мамандар арнайы бетперделер киюге мәжбүр болды. Бірнеше сағаттық құтқару операциясының нәтижесінде жарақат алған 15 адам тысқа шығарылды. Ішінде 6 жасар жасөспірім де бар. Тағы бір жапа шегуші жан-сақтау бөлімінде жатыр. Ал 4 қырғыз азаматы қаза болған. Оның үшеуі әйел адам, біреуі 17 жасар бозбала.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін