Қырғызстанда қос азаматтық алу тәртіптері туралы заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қос азаматтық алу тәртіптері туралы заң қабылданды

Қырғызстанда қос азаматтық алу тәртіптері туралы заң қабылданды

БІШКЕК. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қос азаматтық алу тәртіптерін айқындайтын "Азаматтық туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Мамыр 2007
  • 1085
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңда қос азаматтық алу нормалары, азаматтық алу және одан шығу негіздері мен тәртіптері белгіленген.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, қос азаматтығы бар қырғызстандық республика президенті және парламент депутаты болып сайлана алмайды және басқа да жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алмайды. Заңда жаңа туған нәрестеге әкесіне де, анасына да қарай азаматтық беріледі деп көрсетілген.

Қырғызстан парламенті «Азаматтық туралы» заң жобасын осы жылдың наурыз айында қабылдаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті