Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт содырдың біреуінің көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт содырдың біреуінің көзі жойылды

Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт содырдың біреуінің көзі жойылды

Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт содырдың біреуінің көзі жойылды. Аса қауіпті қылмыскерді біреулер «Дордой» базарында жүрген жерінен байқап қалған. Орталық Азиядағы ең ірі сауда орталығы дереу қоршауға алынып, маңайдағы тұрғын үйлерге дейін түгел тінтіліп шықты. Сөйтсе, Данияр Қадырәлиев жаңадан тұрғызылып жатқан «Эне-Сай» кешеніндегі жеке үйлердің бірінде бой тасалап жүрген екен. Қазір қырғыз астанасында оның сыбайластарын құрықтау операциясы жүріп жатыр.                 

  • 17 Қазан 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz

Түрмеден тобымен қашқан лаңкестердің бірі осы. Экстремистік ұйымның белді мүшесі Данияр Қадырәлиев Бішкектен алысқа ұзамапты. Қашқын «Дордой» базарының маңындағы жеке үйлердің бірінде жасырынып жатқан.

Талантбек Базарқұлов, оқиға куәгері

Ет пісіріп жатқан жерден көргенбіз! – Қайсы жерден? – Мынау үйден! Жылдық беріп жатқан үйден! – Не қылып жатты? – Ет пісіріп жатқанбыз. – ол да ет пісірді ма не? – Жоқ! Сөйлескен жоқпыз. Қорқып тұрды. Тоқмоқ жақтанмын деді.

Өз еркімен берілуден бас тартқан лаңкес күш құрылымдарына қарсы пышақ ала жүгіргенде оққа ұшты. Аса қауіпті қылмыскер түр-әлпетін өзгертуге тырысқан екен. Қауға сақалын қырып тастаған. Дәл қазір тағы бір лаңкесті құрықтау операциясы жүріп жатыр. Ол да Дордой базары маңындағы жеке үйлердің бірінде жасырынған екен. Осылайша, Эне сай тұрғын жайындағы атыс әлі жалғасуда. Соңғы мәліметтер бойынша бір полиция қызметкері ауыр жараланыпты.       

Ал 9 бірдей тұтқыннан көз жазып қалған колония басшылығының өзі бүгін қамалды. Өйткені сол лаңкестер қашатын түні камера аузында құлып болмай шыққан. Оқиға орнында үш қарауыл жер жастанды. Ал лаңкестермен арадағы айқаста ауыр жараланған тағы бір күзетші бүгін ауруханада есін жимастан көз жұмды.


Қырғызстанда тыйым салынған «Жайшул Махди» діни-экстремистік ұйымының мүшелері дүсенбіге қараған түні тобымен қашқан болатын. Тоғыз тұтқынның бесеуі көп ұзамай қолға түссе, 5 тәуліктен соң біреуінің көзі жойылып отыр. Күш құрылымдары қашұындардың барлығын Бішкектен асырмаймыз деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар