Ош қаласының 37 жастағы тұрғыны әртүрлі қылмысына байланысты 9 жылға сотталған. Жазасын өтеп жатқан Мухаметали Абдиваповты Ош қаласы Ноокат ауданының соты тағы 16 жылғы соттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ош қаласы құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, ол бұған дейін 9 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан. Оның түрмеде отырып алаяқтық жасағаны әшкереленіп, 9 жылының үстіне тағы да 16 жыл мерзім қосып алды.
"Сотталушы 2017 жылы "туысқандарыңызға тез арада ақша керек, қиын жағдайға ұшырады" деп қоңырау шалып, жеті адамды алдаған. Олардың ақшасын бостандықта жүрген сыбайласы арқылы алып отырған" — делінген хабарламада.
Қалалық құқық қорғау органдары тұрғындарды белгісіз біреу телефон шалса, жаман хабар естіртіп, ақша сұрағандарға сенбеуге шақырады.