Жарияланды: 320

Қырғызстанда тұтынушыларға электр қуатын беруге қойылған шектеулер алып тасталды

Қырғызстанда төрт тұрбинаның ең ірісі Тоқтағұл ГЭС-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы «Интерфакске» «Электр станциялары» ААҚ баспасөз қызметі м әлімдеді.

Кәсіпорын мәліметіне сәйкес, төртінші генератор Тоқтағұл ГЭС-і толық қуаттылыққа өтті. Республикада электр қуатын берудегі шектеулер толық алып тасталды. Ақаулар өз күшімен жойылып, технологияны бұзбастан жаңа конструкция әзірленді. Ведомствоның айтуынша, ресейлік өндіруші зауытқа қосалқы бөлшекке тапсырыс бергенде, жөндеу төрт-бес айға созылған болар еді. 2012 жылғы желтоқсан айының соңында Тоқтағұл ГЭС-інің жұмыс доңғалағында лабиринттік тығыздағыш үзілген болатын. Соның салдарынан республикада тұтынушыларды электр қуатымен қамтуда шектеулер енгізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін