Б.Мәмбетовтың айтуынша, акциздік салық ставкасын көтеруге бағытталған заң жобасын парламентке Қырғызстанның экономика және қаржы министрлігі ұсынған. Министрлік жанармай мен дизельді 4 есеге, мазут бағасын 3 есеге көтеруді ұсынып отыр.
Сонымен қатар, заң жобасы әуе керосинінің және шикі мұнайдың нөлдік ставкасын жойып, тиісінше тоннасына 2000 және 6000 сом(51$ және $15 ) көлемінде енгізуді көздейді.
«Аталған заң қабылданған жағдайда Қырғызстанда жанармай мен дизель бағасының литрі 2-4 сомға қымбаттайды, ол қоғамдық көлікте жол жүру бағасы мен азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етеді, оған қоса мұнай өнімін заңсыз тасымалдау көлемі де 2-3 есеге ұлғаяды»,- деп атап өтті Б.Мәмбетов.
Ол, Қырғызстан нарығындағы жанар-жағармай материалдары бағасының тұрақтылығы жанар-жағармай импортының қазіргі акциздік ставкасына байланысты екенін ерекше атап өтті.
Қауымдастық президентінің айтуынша, ұсынылып отырған акциздер жанар-жағармай тасымалдаушылармен келісілмеген. Б.Мәмбетов бүгінде жанар жағармай нарығының 80% «ГазпромНефть Азия» компаниясының бақылайтындығын айтты, импорт көлемі бойынша екінші орында «ШНОС» бекеттер желісімен танымал ОсОО «Кирселл», үшінші орында «Дениз Ойл» қырғыз-қазақ мекемесі.
Б.Мәмбетов, биыл Қырғызстан нарығындағы Қазақстанның жанар-жағармай материалдарының үлесі барынша азайғанын айтады. Республикада сатылатын жанармай мен дизелдің 99% Ресейден әкелінеді.
Қауымдастьық президентінің айтуынша, өткен жылы Қырғызстанның мұнай сатушылары республикалық бюджетке салық ретінде 1млрд.200 сом ($30,7млн.) аударған, келесі жылы болжам бойынша бұл сома 1,5 млрд.сомға ($38,4 млн.) жетеді, бұл ел бюджетінің жиырмасыншы бөлігін құрайды.
Қырғызстанда Аи-80 маркалы жанармай бағасы 19,2 сом ($0,49), Аи-93 — 23,7 сом ($0,6), дизель — 21 сом ($0,53) тұрады. Осы жылдың қаңтар айынан бастап Аи-80 маркалы жанармай 2,6%, Аи-93 — 10%, дизель — 7,6% қымбаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті