Баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқыс оқиға Ош облысының Теке ауылында болған. Шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде анықталғанындай, қорғаныс министрлігінің «Ош» оқу орталығының территориясында мал бағып жүрген №45 орта мектептің 5 сынып оқушылары жарылғыш затты тауып алған. Олар оны үйге әкеліп бөлшектеуге кіріскен. Соның салдарынан жарылғыш тетігі қосылып, жарылыс болған. Екі жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.
Қаза болған жасөспірімнің бірінің ата- анасы жарылыстан жарақат алып, Оштың қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп салдары анықталуда және техникалық сараптамасы жасалатын болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті