Қырғызстанда жасылдар партиясы президенттікке этникалық қазақты ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жасылдар партиясы президенттікке этникалық қазақты ұсынды

Қырғызстанда жасылдар партиясы президенттікке этникалық қазақты ұсынды

Қырғызстанның жасылдар партиясы сейсенбі күні партияның бесінші съезінде ҚР президентінің қызметіне ортақ кандидат ретінде этникалық қазақ Еркін Бөлекбаевты ұсынды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

Партиядан алдағы президенттік сайлауға кандидат ашық дауыс беру арқылы сайланды. Сондай-ақ, партия төрайымы Нарғыз Абдылдаеваның қызметтен кетуіне байланысты Е. Бөлекбаев жаңа төраға болып бірауыздан сайланды.

Е. Бөлекбаев Шу облысының Сокулук ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1998-2005 жылдары Қырғызстанның жогорку кенешінің заң шығарушы жиналысының екі шақырылымына депутат болған. Уақытша үкіметтің қаржы полициясы қызметі төрағасының міндеттерін атқарушы болған. Сондай-ақ, Қырғызстан қазақстарының «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар