Қырғызстанда жаздың соңына қарай қант тапшылығы болады деп болжанып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жаздың соңына қарай қант тапшылығы болады деп болжанып отыр

Қырғызстанда жаздың соңына қарай қант тапшылығы болады деп болжанып отыр

Қырғызстанда 2011-ші жылдың тамыз-қыркүйегінде қант тапшылығы орын алады деп болжанып отыр, деп ҚырТАГ агенттігі хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Ресейде қуаңшылық байқалуда, сондықтан қант қызылшасының өнімі аса көп болмайды. Болжам көрсеткіштерінше биыл Ресей қантты Беларуссия мен Украинадан сатып алады. Сондықтан аймақтағы импорттаушы елдердегі қант Қырғызстанға жетпей де қалуы мүмкін», — деп бейсенбі күні «Қайыңды – Қант» ААҚ бас директоры Дүйшенқұл Матеев мәлім етті.

Д. Матеевтің пікірінше, осындай жағдайда «Қырғызстан нарығына сапасы төмен, әртүрлі қоспалармен қаныққан, арзанқол Қытай мен Иран қанты ағылады».

«Қайңдыдағы қант зауыты өзінің жылдық өндіріс мөлшері – 30 мың тонна қант өндіре алады, бірақ республика қажеттігі жылына 85 мың тонна. Заут тек қазанда ғана қант шығара бастайды», — деді Д. Матеев.

Ол Қырғызстанға сырттан әкелінетін қанттың кедендік баж салығын 30% азайту, ел ішінде өсірілетін қант қызылшасының көлемін азайтады, деп алаңдаушылық танытты.

«Егер қант қызылшасын өсірушілер оны өсіру тиімсіз деп тапса, біздің зауыт шикізатсыз қалып, ол өз кезегінде қант тапшылығын тудыруы мүмкін», — деді Д. Матеев.

Соңғы жаңалықтар